Шай қалташалары неліктен зиян?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ғалымдар шайдың бір қалташасын қайнаған суға салғанда оған микро- және нанопластиктің миллиардтаған бөлшектері тұнатындығын анықтады. 

Канададағы Макгил университетінің мамандары аталмыш еңбегін Environmental Science & Technology сайтында жариялады.

Бір шай қалташасы салынған сусында пластиктің 11,6 млрд микробөлшектері мен 3,1 млрд нанобөлшектері болуы мүмкін. 

Мамандардың айтуынша, бұл басқа сусындар мен тағамдардың, сондай-ақ пластик бөтелкелердегі судың құрамында анықталатын пластиктердің мөлшерінен едәуір көп.

Тәжірибе барысында жеміс-жидек дәмі бар шайдың 4 түрлі қалташасы пайдаланылды. Әр қалташа ішіндегі шайды алып, оның үстіне Цельсий бойынша 95 градусқа дейін қайнатылған су құйып, 5 минутқа бетін жауып қойды. Содан кейін суды зерттеушілер суды фильтрден өткізіп, қолданылған қалташаларды электрондық микроскоппен қарап шықты.

Нәтижесінде судың ішінен табылған пластик нанобөлшектерінің бастапқыда шай қалташаларында болмағанын, керісінше шайды қайнату барысында пайда болғанын дәлелдеді.

Бұдан кейін зерттеушілер шайдан табылған нанобөлшектерді дафния шаяндары мекен ететін құнарлы ортаға салды. Салдарынан олар судағы пластик бөлшектері концентрациясының жоғарылағанын және шаянтәрізді планктондардың дамубарысында бұзылыстардың пайда болғанын байқаған. 

Алайда, бұл бөлшектердің адам денсаулығына қалай әсер ететінін анықтау қиындық туындатуда.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы