«Шай ішіп демалайық». Елордалықтар корей мәдениетімен танысты

«Хан Шатыр» СОО-да Корея Республикасы Елшілігінің Корей мәдени орталығы «Шай ішіп демалайық» атты іс-шара өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Іс-шарада сауда-ойын-сауық орталығының қонақтары корей дәстүрлі шайынан дәм татып, корей мәдениеті туралы көбірек ақпарат алуын мүмкіндік туды.

Бұл іс-шара елордалық «Хан Шатыр» СОО-да былтырдан бері жалғасып келе жатқан «Корея Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы өзара мәдени алмасу жылының» құрметіне өткізілді.

Астана тұрғындары елорданың суық күнінде Корей дәстүрлі шайының дәмін татып, жылынуға мүмкіндік алды. Дәм тату алдында «InBliss» қазақстандық кавер тобы K-pop қойылымдарын ұсынды.

Сонымен қатар іс-шара қонақтары корей мәдениеті туралы көбірек біле алатын бағдарлама өткізілді. Бағдарламаға Кореяның дәстүрлі архитектурасының фотокөрмесі, сондай-ақ Кореяның «тэгыкки» Мемлекеттік туы бар татуировка жапсырмаларын салу бойынша шеберлік сыныптары кірді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Корей мәдени орталығы
Өзгелердің жаңалығы