Шавқат Рахмонов UFC-дегі үшінші жекпе-жегін жеңіспен аяқтады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық спортшы Шавқат Рахмонов (14-0) UFC-дегі үшінші жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Ол Лас-Вегаста (АҚШ, Невада штаты) UFC Fight Night 200 турнирінде гайаналық Карлстон Харриспен (17-4) жекпе-жекке шықты. Жартылай орта салмақта өткен бұл кездесу үш раундқа жоспарланған еді.
Алайда жерлесіміз бірінші раунда-ақ айналып теуіп, қарсыласып сұлатып түсірді. Осылайша Шавқат Рахмонов кәсіпқой мансабында 15-ші жеңісіне қол жеткізді. Ал Карлсон болса, бесінші рет жеңіліс тапты.
Айта кетейік, Рахмоновтың бұл UFC-дегі үшінші жекпе-жегі. Бұған дейін ол сабмишн әдісімен бразилиялық Алекс Оливейруды (22-11-1-2) және Мишел Празеристі (26-4) тізе бүктірген еді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Әлемде аллергиясы бар адамдар көбейді
Өзгелердің жаңалығы