Шавкат Рахмоновтың салмағындағы чемпиондық атақ сарапқа салынады
Танымал аралас жекпе-жек (ММА) шебері, UFC ұйымының бұрынғы жеңіл салмақтағы чемпионы ресейлік Хабиб Нурмагомедов Нью-Йоркте өткен баспасөз мәслихатында өзінің досы, жеңіл салмақта бұрынғы чемпион Ислам Махачевтің келесі қарсыласы туралы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Нурмагомедовтің айтуынша, Махачев алдағы жекпе-жегінде аустралиялық Джек Делла Маддаленамен жартылай орта салмақтағы чемпиондық белбеуді сарапқа салады. Бұл кездесу 15 қараша күні Нью-Йорктегі әйгілі «Мэдисон Сквер Гарден» аренасында өтеді.
Еске салайық, Ислам Махачев жеңіл салмақтағы чемпиондық белбеуден бас тартып, бір сатыға жоғарылап, жартылай орта салмаққа ауысқан болатын. Кейін бұл белбеу Чарльз Оливейрамен болған жекпе-жекте Илия Топурияның еншісіне кетті.
Айта кетейік, жартылай орта салмақтағы рейтингте үшінші орында қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов тұр. Рахмонов та жылдың соңына дейін октагонға оралуы мүмкін екенін айтқан.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Астанада Есіл өзенінің жағасында 20 қаптан аса қоқыс жиналды
Келесі жаңалық
2026 жылы Каспий теңізін тереңдету жұмыстары басталады
Өзгелердің жаңалығы