Шавкат Рахмонов UFC-де кезекті рет жеңіске жетті

Қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов (17-0) Лас-Вегастағы UFC 296 турнирінде америкалық Стивен Томпсонмен (17-6-1) кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ Prosports.kz сайтына сілтеме жасап.

Жоспарланған үш раундтың екінші раундының соңғы секундтарында Шавкат қылқындыру әдісімен жеңіске жетті.

Осылайша, жерлесіміз мансабындағы 18-ші жеңісін тіркеді.

Айта кетейік, UFC 296 турнирінің басты жекпе-жегінде ағылшын Леон Эдвардс (21-3-0-1) пен америкалық Колби Ковингтон (17-3) кездеседі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: видеодан кадр
Өзгелердің жаңалығы