Шавкат Рахмонов UFC чемпионы атағы үшін жекпе-жек өткізеді

Жеңілмеген UFC файтері Шавкат Рахмоновтың менеджері Саят Әбдірахманов Қазақстан өкілі үшін ықтимал титулдық жекпе-жекке қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ Tengri Sport басылымына сілтеме жасап.

Мен Шавкат Рахмонов, Арман Царукян және Мовсар Евлоев титулға бір қадам қалды деп есептеймін. Бір, ең көбі екі жекпе-жек. Барлығы келесі жекпе-жектің нәтижесіне және олардың өздерін қалай көрсететініне байланысты болады, - деді менеджер YouTube-тегі «Sport24: Beat Culture» арнасына берген сұхбатында.

Еске сала кетейік, Рахмоновтың келесі жекпе-жегі 16 желтоқсанда UFC 296 турнирі аясында америкалық Стивен Томпсонға қарсы өтеді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: instagram.com/shavkatrakhmonov94
Өзгелердің жаңалығы