5 Шілде 2023 2023, 15:39
Фото: instagram/shavkatrakhmonov94
Шавкат Рахмонов спорттағы мансабын қашан аяқтайтынын хабарлады
UFC-де жартылай орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмонов мансабын қашан аяқтайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
UFC-де жартылай орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмонов мансабын қашан аяқтайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Менің түсінігімде, қанша соққы өткізсең де, берілу керек деген ұғым жоқ. Сондықтан мен соңына дейін күресуге тырысамын. Егер мен әлсіздік көрсетсем, мүлде жекпе-жекке шықпаймын, - деді Шавкат Рахмонов.
Еске салайық, Рахмонов ММА бойынша 17 жекпе-жек өткізіп, жеңіліссіз келе жатыр. Шавкат келесі жекпе-жегін 16 қыркүйекте Лас-Вегаста (АҚШ) UFC турнирінде америкалық Келвин Гастелумға қарсы өткізеді.