Шавкат Рахмонов пен Белал Мұхамад арасындағы кездесу өткізбейтін болды
Жартылай орта салмақта UFC рейтингінде екінші орында тұрған Шавкат Рахмонов пен лиганың қазіргі чемпионы американдық Белал Мухаммад арасындағы жекпе-жек болмайды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Шавкат пен Белал арасындағы кездесу мамыр айында өтуі керек болған. Белал Мұхамад келесі жекпе-жегін 10-шы мамыр күні UFC 315 турнирі аясында Делла Маддаленаға қарсы өткізеді. Ал, Шавкат Рахмонов жарақат алып қалды. Отандасымыз енді осы жекпе-жектің жеңімпазымен шығады.
UFC ұйымына чемпиондық белдік үшін жекп-ежек ұсынғаны үшін алғыс айтамын. Өкінішке қарай, жарақат алдым. Мамырға дейін қалыпқа келіп үлгермеймін. Жыл соңына дейін белдікке таласамын,-деді Шавкат әлеуметік желідегі парақшасында.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қобдада уланған балалар тәттіні қайдан алған?
Келесі жаңалық
2026 жылы Каспий теңізін тереңдету жұмыстары басталады
Өзгелердің жаңалығы