Шавкат Рахмонов АҚШ-тағы жеңісінен кейін елге оралды

Алматы әуежайында Шавкатты жанкүйерлері мен журналистер құрмет қошеметпен қарсы алды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Спортшы Стамбұл-Алматы әуе рейсімен ұшып келді. Әуежайдың VIP-аймағында жанкүйерлерімен фотоға түсті. Дегенмен адамдардың көптігіне байланысты спортшы журналистердің сұрағына жауап бере алмады. Жанкүйерлер Шавкат Рахмоновты әуежай ғимаратынан, көлікке дейін шығарып салды.

Айта кеткен жөн, UFC 296 турнирінде Шавкат Рахмонов америкалық Стивен Томпсонды жеңіп, аралас жекпе-жектегі 18 жеңісіне қол жеткізген еді.

Бұл жеңісінен кейін қазақ спортшысы өз салмағындағы рейтингтің 3-орнына көтерілді.

Бұған дейін Шавкат Рахмонов UFC басшысы Дана Уайтты таңғалдырған еді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: видеодан кадр
Өзгелердің жаңалығы