Шавкат Мирзиёев ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Астанаға келді
Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне қатысу үшін Қазақстан астанасына келген Өзбекстан Республикасының Президентін әуежайда Премьер-министр Олжас Бектенов қарсы алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Өзбекстан – 2001 жылы ұйым құрылғаннан бері ШЫҰ-ға қатысушы елдің бірі.
Бүгінгі таңда Өзбекстан – Қазақстанның ірі сауда серіктестерінің бірі. Өткен жылы екі ел арасындағы тауар айналымының көлемі шамамен $4,5 млрд құрады. Бұл ретте биылғы 4 айда өзара сауда $1,2 млрд-қа жетті.
Біздің республикамыздың Орталық Азиядағы барлық тауар айналымының шамамен 57%-ы Өзбекстанмен байланысты.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Жамбыл облысында 34 заманауи спорт алаңы пайдалануға беріледі
Өзгелердің жаңалығы