Шавкат Мирзиёев 10 жылға арналған стратегиялық жобаның бағыттарын атады
Ақордада Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев Қазақстан мен Өзбекстанның қандай жобаларға қол қойғанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Біз жаңа ғана 2024-2034 жылдарға арналған бірлескен мәлімдемеге қол қойдық. Стратегиялық әріптестік пен альянс бағдарламасын қабылдай отырып, жан-жақты ынтымақтастықты одан әрі нығайту үшін мақсаттар қойдық. Ең маңызды бағыттардың бірі Өңіраралық ынтымақтастық бойынша басталған үлкен жұмысты одан әрі жандандыру туралы келістік. Кеше Астанада өткен бизнес форум мен кәсіпкерлер кеңесінің қорытындысы бойынша жалпы соммасы 7 млрд-тан асатын бірқатар келісімшарттар пен құжаттарға қол қойылды, - деді Өзбекстан басшысы.
Мирзиёев жақын арада екіжақты тауар айналымын түбегейлі арттыруға бағытталған кешенді бағдарлама қабылданатынын айтады.
Айта кетуіміз керек, бізде орасан зор әрі іске қосылмаған резервтер мен пайдаланымаған мүмкіндіктер бар. Жаңа инвестицилық жобаларды әзірлеу және іске асыру үшін маңызды алаң халықаралық өнеркәсіптік ынтымақтастық орталығының құрылысын жеделдетуге шешім қабылдадық. Бұл жұмыс қыркүйек айынан басталады. Онымен қоса, екі ел арасындағы басым бағыттар бойынша бірлескен жобаларды қаржыландыру үшін Өзбекстан-Қазақстан қорын құру мәселесін пысықтадық, - деді Шавкат Мирзиёев.
Өзбекстан басшысы екі ел арасындағы жүк тасымалына барынша қолайлы жағдай жасау керегін айтады. Ол үшін келісім барысында нақты шаралар айқындалған.
Сондай-ақ Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев Қазақстан тарапымен қандай келісімдерге келгенін айтқан болатын.