Шатырдан секірмек болған әйел құтқарылды

Елордада әйел ғимарат үстіне шығып секірмек болған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

1 тамыз күні сағат 15:02-де «102» каналына Бейбітшілік көшесінде орналасқан ғимаратқа шығып алған әйелдің секірмек болып жатқаны туралы хабар келді. Оқиға орнына жедел қызмет жіберіліп, әйелді құтқарудың сәті түсті, - делінген полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарламасында.

Сондай-ақ ресми хабарламада суицид жасамақ болған әйелге психологиялық көмек көрсетілгені айтылған. Болған оқиғаға қатысты тексеру шарасы жүріп жатыр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы