Шарын шатқалында терең жыраға құлап кеткен турист құтқарылды

Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданында орналасқан Шарын шатқалында Қостанай облысынан келген турист жыраға құлап кетіп, өздігінен шыға алмай қалған, деп хабарлайды BAQ.KZ ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

1989 жылы туған ер адамға серіктері көмектесе алмаған соң, жақын маңда кезекшілік етіп жүрген Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушыларына жүгінген.

Құтқарушылар оқиға орнына жедел жетіп, үйлесімді әрекет арқылы туристі құтқарып шықты. Абырой болғанда, ер адам медициналық көмекті қажет етпеді.

Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарға туристік бағыттарда қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауды ескертеді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы