Шарын шатқалындағы сел: 10 жастағы оқушы қызды құтқарғандар марапатталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Төтенше жағдайлар министрінің алғыс хатымен Шарын шатқалындағы 10 жастағы қызды құтқаруға қатысқан 20 адам марапатталды.

Шарын мемлекеттік ұлттық паркінің гид-экскурсоводы Ернар Жүнісов Шарын өзенінің жағасында сел ағызған қызды бірінші болып байқаған. «Қазавиақұтқарудың» Еурокоптер-145 пилот-нұсқаушысы Андрей Бухал жартас арасындағы қызды тікұшақпен алып шығу кезінде ерлік көрсетті.

Алматы облысы ТЖД Жедел құтқару жасағы сүңгуірлік-құтқару бөлімшесінің басшысы Сергей Синяков баламен құтқарушыны өзеннен алып өту кезінде тікұшақ шаңғысына қосарланған арқанды бекітіп, баланы аман-есен алып өтті.

Жедел жәрдем қызметкерлері қызға медициналық көмек көрсетті. Құтқарылған 10 жастағы қыз тікұшақпен Боралдай кентінің әуежайына жеткізілді. Іздестіру-құтқару жұмыстарын сәтті орындағаны үшін Шарын мемлекеттік ұлттық паркінің гид-экскурсоводы Ернар Жүнісов, Алматы облысы ТЖД ЖҚЖ сүңгуірлік-құтқару бөлімшесінің басшысы Сергей Синяков, «Қазавиақұтқару» АҚ Еурокоптер-145 пилот-нұсқаушысы Андрей Бухал марапатталды.

Сондай-ақ Ұйғыр ауданының ТЖБ бас маманы Ринат Аблемитов, РЖҚЖ құтқарушылары Мұқанғали Қабылов, Бейсенғали Дүйсебаев, Вячеслав Смолов, Салтанат Назимова, Бекжан Қарағушинов, Вячеслав Шегер, Юсуф Жакан, Біржан Байқұлов, Мақсұт Серғазин, Любовь Ефремова алғыс хатқа ие болды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы