Шаруалар «Кең дала» бағдарламасының қаржысын толықтай игерді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «Кең дала» бағдарламасы бойынша биыл да көктемгі егіс науқанына республикалық бюджеттен 70 млрд теңге бөлінді. 

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Аграрлық несиелік корпорация» АҚ Басқарма төрағасы Айболат Әбенов айтты.

Оның айтуынша, бағдарламаға қатысу туралы өтініштер ақпан айында басталған. 

Аграрлық несиелік корпорация тарапынан жылдам несиелеу шаруаларға егіс науқанына қажетті тұқым, гербицид сияқты қажетті заттарды ертерек оңтайлы бағаға сатып алуға мүмкіндік береді. Ауылшаруашылық өнімдерін өндірушілерді қолжетімді несиемен қамтамасыз ету үшін корпорация тікелей несиелеу, қаржы институттары арқылы қаржыландыру сияқты тетіктерді қолданады. Осылайша корпорация өндірушілерді 217 несиелік серіктестік, микроқаржылық ұйым мен екінші деңгейлі банк арқылы несиелеуде, - деді ол.

Оның айтуынша, биыл 70 млрд теңгенің 63 млрд теңгесі қаржы институттары арқылы несиелендірілді. Аталған бағдарлама бойынша несиелу жылдық 1,5-5% аралығында. «Кең дала» бағдарламасы аясында 70 млрд теңгенің 2 617 өтінімі несиелендірілді. Бұл қаржыға шаруалар 3,3 млн гектар жерге егін екті.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы