Шартты жаза: Жамбыл облысында фельдшерді атқан азамат сотталды

Жамбыл облысында жедел жәрдем фельдшерінің өміріне қастандық жасаған азамат сотталды. Дәрігердің кеудесіне оқ атқаны үшін ол шартты түрде үш жарым жылға сотталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, шілде айының басында Байзақ аудандық ауруханасының маңында болған. Сол кезде оқиға куәгерлері дәрігердің танысы жұмыс орнына келіп, дефибрилляторға бола жанжалдасып қалғанын айтты. Оқ атқан адам медициналық мекемеге травматикалық қаруды сөмкеге салып әкелген. 27 жастағы фельдшер кеуде тұсынан жарақат алып, жансақтау бөліміне түсті. Бірақ, бақытына орай, ол тез сауығып кетті.

Сот жәбірленушінің шын өкінгенін және келтірілген зиянды толық өтегенін жазаны жеңілдететін мән-жайлар деп таныды. Ақырында ол 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. "Қылмыстық кодекстің 63-бабын қолданумен тағайындалған жаза шартты деп танылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ, - деді Жамбыл облыстық соты баспасөз қызметінің өкілі Сымбат Жұлдызбай.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы