Шарманов: Йод вирус пен бактерияларды жояды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақ ғалымы, нутрициолог, ҚР ҰҒА мен РМҒА академигі, Қазақ тағамтану академиясының президенті Төрегелді Шарманов йодтың ағзадағы маңызы жайлы өзінің Youtube арнасындағы «ТағамСаулық» бағдарламасында айтып өтті.

Бәріміз де йодтың спиртті еретіндісі жайлы білеміз. Оны түрлі жарақаттарға пайдаланамыз. Енді оның басқа да түрі барын, ауада, ауыз су мен тағам өнімдерінде өте аз мөлшерде болатынын білеміз. Йод органикалық және органикалық емес қосылыстар күйінде ауамен, тағаммен, сумен бірге ішек-қарын жолдарына түсіп, қанға, жасушалармен тіндерге және осы минералсыз қызмет ете алмайтын қалқанша безінің жасушаларына жеткізіледі. Қалқанша безінің қызметіне жүрек соғысының жиілігі, дене температурасы, тағамның қорытылу жылдамдығы тәуелді. Ал бездің өзінің қызмет етуі ағзадағы йодтың көлеміне байланысты, - деді академик.

Ағзадағы шоғырланған йодтың 80 пайызы 15-20 миллиграмм қалқанша безінде болады.

Йод осы маңызды мүшенің гармондарының түзелуі үшін қажет. Қалқанша бездің гармондары ағзаның барлық жүйелерінің қызметін су, тұз алмасуын, зат алмасу қарқынын, көмірсулар мен дәрумендер алмасуын бақылайды. Йод – вирустарды, бактрияларды жояды. Сөйтіп, қалқанша безінен өткен қан оған дейінгі микробтардан тазартады. Адамның йодқа қажеттілігінің аз көлемі ғана судан, басымы тағамнан қанағаттандырылады, - деді Төрегелді Шарманов.

Йодтың көп мөлшері теңіз балағы мен теңіз өнімдерінде болады. Әсересе балық майында көп, аз мөлшері жұмыртқада, етте, сүтте, ұнда, көкөніс пен жемістерде болады.

Тағам өнімдерінің сақталу шарттары йодқа да әсер етеді. Сан рет тоңызытылып ерітілген ет пен балықта судың бөлінуімен йодты жоғалтады. Балық жылулық өңдеуден, қуыру мен пісуден өткеннен йодтың шығыны алғашқы көлемін 20-58 пайызын құрайды, - деді ол.




Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы