Шарм эль-Шейхтен келген төрт жолаушыдан коронавирус анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Санитариялық - эпидемиологиялық бақылау комитеті 2021 жылдың 18 наурызында халықаралық авиарейстермен келген жолаушылар бойынша ақпаратты жария етті.
2021 жылдың 18 наурызында Қазақстан Республикасының аумағына Германия, Франция, Мальдив Республикасы, Кипр, БАӘ, Мысыр, Иран, Түркия, Ресей Федерациясы, Тәжікстан, Өзбекстан, Украина және Қырғызстаннан 34 халықаралық әуе рейсі келді.
3 771 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 3 414 адам, анықтамасыз 357 ҚР азаматтары келді.
Оның ішінде:
Алматы қаласының әуежайына – 19 рейс, 1 932 жолаушы, анықтамамен – 1 803, анықтамасыз - 129;
Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 9 рейс, 1 200 жолаушы, анықтамамен – 972, анықтамасыз - 228;
Шымкент қаласының әуежайына – 5 рейс, барлық 490 жолаушы анықтамамен келген;
Ақтау қаласының әуежайына – 1 рейс, барлық 149 жолаушы анықтамамен келген.
Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.
Сондай-ақ комитет 2021 жылдың 17 наурызында шетелден анықтамасыз келген Қазақстан азаматтарының ПТР талдауларының нәтижелері туралы мәліметпен бөлісті.
Анықтамасыз келген 387 ҚР азаматтарының ПТР-талдауларының нәтижелері бойынша 4 жолаушыдан коронавирустық инфекция анықталды. Олардың ішінде үш жолаушы Шарм эль-Шейх – Алматы рейсімен, бір жолаушы Шарм эль-Шейх – Нұр-Сұлтан рейсімен келген, - делінген хабарламада.