Шарлапаевтың орнына келген министр ант берді
Үкімет отырысында Өнеркәсіп және құрылыс министрі лауазымына тағайындалған Ерсайын Нағаспаев ант берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Қазақстан халқы мен президенті алдында өз Отаным – Қазақстанның экономикалық және рухани даму ісіне барлық күш-жігерім мен білімімді жұмсауға, мемлекеттің Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, өзімнің барлық іс әрекетімде заңдылық пен әділеттілік, азаматтық, ұлтаралық және конфессияаралық татулық принциптерін ұстануға, Қазақстан халқына адал қызмет етуге, өз елімнің мемлекеттілігі мен дүниежүзілік қоғамдастықтағы беделін нығайта беруге салтанатты түрде ант етемін, - деді Нағаспаев.
Ал бұған дейін Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев Президенттің көмекшісі етіп тағайындалды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Елімізде педагогикалық ғылымды дамыту орталығы құрылады
Өзгелердің жаңалығы