Бүгiн 2026, 19:11
Фото: ©BAQ.KZ/Арман Мухатов
Шаққалиев Қазақстан мен Ресей арасындағы басым бағыттарды атады
Қазақстан мен Ресей арасындағы тауар айналымын 30 миллиард долларға жеткізу үшін энергетика, сауда, көлік және логистика салаларындағы ынтымақтастықты күшейту қажет. Бұл туралы Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Министрдің айтуынша, бүгінгі кездесуде тараптар сауда-экономикалық ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын талқылаған.
Былтыр біздің тауар айналымымыз 27,4 миллиард долларға жетті. Бірақ алдымызға қойылған негізгі мақсат – оны 30 миллиард долларға жеткізу, – деді Арман Шаққалиев.
Оның сөзінше, осы мақсатқа жету үшін энергетика, сауда, көлік, логистика және басқа да бағыттардағы ықпалдастықты күшейту қажет.
Сондай-ақ министр ертең Шымкентте Еуразиялық экономикалық одақтың кезекті үкіметаралық кездесуі өтетінін, ал биыл Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық форумы Омбыда ұйымдастырылатынын айтты.