Шәпкенов: Зиянкестерді улау үшін арнайы мамандар шақырту қажет
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов Махамбет, Индер аудандары мен қала маңындағы шаруалардың жерлеріне құрт көбелектердің қаптап түсіп, егін аймақтарына зиян келтіру жағдайына қатысты нақты тапсырма берді, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Аймақ басшысы бұл жайында әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
Махамбет, Индер аудандары мен қала маңындағы шаруалардың жерлеріне құрт көбелектердің қаптап түсіп, егін аймақтарына зиян келтіру жағдайы орын алуда. Осыған байланысты салаға жауапты орынбасарыма нақты тапсырма бердім. Төтенше жағдайдың алдын алу бойынша аудандарда жедел жұмыстарды ұйымдастырып, улау жұмыстарын жүргізетін мекеме мен арнайы мамандар шақыру қажет. Олар тез арада жұмысқа кірісуі тиіс,- деді облыс әкімі.
Сонымен қатар жауапты басшылардың шаруаларды ұйымдастыру жұмыстары туралы ақпаратпен қамтамасыз етуін, бұл мәселе жеке бақылауында болатынын жазды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Алматыда медицина қызметкерлері күніне орай концерт өтеді
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы