Шәпкенов: Халқымыздың рухани мол мұрасы Наурыздан ерекше көрініс табады

Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов қазақстандықтарды Наурыз мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жер-Ананың бусанып, бәйшешектің бүр жарып, жан дүниенің жаңғырған көктемгі күн мен түннің теңелуін ата-бабаларымыз шаттықтың, молшылықтың, бірліктің мерекесі ретінде Ұлыстың ұлы күні деп атаған. Наурыз барша қазақстандықтар үшін ең алдымен, татулық пен бірліктің, ынтымақ пен шалқыған бақыттың, жаңару мен жасампаздықтың мерекесі. Көктем шуағына ілесіп жаңа жыл келеді, жаңа бастамаларға жол ашылады, - деді Шәпкенов.

Министрдің сөзінше, халқымыздың ғасырлар бойғы ұлттық құндылықтары мен рухани мол мұрасы Наурыздан ерекше көрініс табады, Ұлы Дала перзентінің бейбітсүйгіш болмыс-бітімі Ұлыстың ұлы күнімен біте қайнасып, күллі әлемге жарасымды сыйластықты паш етеді.

Наурыз – шын мәнінде, бүкілхалықтық мереке, адами қасиеттер мен игі дәстүрді жас ұрпақтың бойына дарытуға кең өріс ашады. Көрікті де мазмұнды мейрам әр шаңыраққа береке әкелсін, әрбір адамның жүрегіне шабыт нұрын құйып, болашақ жолында жаңа істерге жігерлендірсін. Баршаңызға мықты денсаулық, сарқылмас бақ-береке, тек қана жақсылық тілеймін!, - деді Атырау облысының әкімі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Ақорда
Өзгелердің жаңалығы