Шәпкенов Атырау облысының экономикалық жағдайы жайлы айтты

Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов ОКҚ-да өткен брифингте өңірдің жағдайы жайлы айтып берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Макроэкономикалық көрсеткіштер бойынша былтырғы кезеңмен салыстырғанда биылғы І жартыжылдықта жалпы өңірлік өнім көлемі 6,7 трлн теңгеге жетті. Нақты көлем индексі – 103,8%.

Республиканың жалпы ішкі өніміндегі облыс экономикасының үлесі – 14,1%. Ал жан басына шаққандағы жалпы өңірлік өнім – 9,6 млн теңге. Жыл басынан бері салықтық және басқа да міндетті түсімдер 4,8 трлн теңге болды. Оның ішінде мемлекеттік бюджетке 2,3 трлн теңге, Ұлттық қорға 2,5 трлн теңге аударылды, - деп айтты Серік Шәпкенов.

Өңір басшысының айтуынша, биыл 10 айда өнеркәсіп өнімінің көлемі 9 135,8 млрд теңге, тау-кен өндіру өнеркәсібіндегі өнім көлемі 8 446,4 млрд теңге, өңдеу өнеркәсібінде өнім көлемі 563,8 млрд теңге болды. Сондай-ақ сауда қызметінің көлемі 5 164,2 млрд теңге, құрылыс жұмыстары 972,5 млрд теңгеге орындалды. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы шығарылымы 123,4 млрд теңгені құрады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы