6 Қазан 2024 2024, 09:46
Фото: @atyrauakimat
Шәпкенов АЭС салу туралы референдумда өз таңдауын жасады
Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов АЭС салу туралы референдумда өз таңдауын жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов АЭС салу туралы референдумда өз таңдауын жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Аймақ басшысы Серік Шәпкенов №8 референдум учаскесіне барып, Қазақстанда алғашқы атом электр станциясын салу туралы республикалық референдумда дауыс берді.
Облыс бойынша 274 референдум учаскесі жұмыс істеуде. Олар таңғы сағат 7:00-ден 20:00 аралығында ашық болады.