Шанхайдағы турнирде татами шеберлері 3 медаль еншіледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шанхайда Премьер-Лига Karate 1 турнирі аяқталды. Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан командасы 3 медаль жеңіп алды, деп хабарлады ҰОК баспасөз қызметі.  

60 келі салмақ дәрежесінде финалға бірден екі команда өкілдері - Дархан Асадилов пен Қайсар Алпысбай шықты. Дархан финалдық жекпе-жектің жеңімпазы атанды, турнирге қатысқан көрермендер ол кездесудің куәсі болған жоқ, өкінішке орай. Қайсар өзінің жолдастарына қарсы татамиге шығудан бас тартты. 

"Жарысқа қатысушылардың әрқайсысының бойында амбиция бар, бірақ менің ойымша, команданың мүддесі бәрінен жоғары. Дархан үшін "алтынның" салмағын, барлық құраманың осы рейтингтік олимпиада ұпайлары Қазақстан үшін қаншалықты маңызды екенін түсінемін. Сондықтан да мен Дарханға күреспей-ақ жеңісті бердім. Екінші орын – жарыс деңгейін ескерсек, жақсы нәтиже. Бұл мәселенің бір жағы. Басқа жағынан, қалай болғанда да, мен үшін әлдеқайда қиын. Мен осы жылы ширек финалға шығу үшін Премьер-Лиганың жартылай финалында команда бойынша жолдастарымен бетпе-бет тұруға тура келген жағдайды бастан өткердім. Бұл халықаралық жарыстардағы күрестің ең жағымсыз тұсы. Және бүгінгідей таңдау жасауға тура келеді. Финалдық жекпе-жектен бас тарту – қарсыласымның алдындағы әлсіздігімді немесе сенімсіздікті мойындау емес, менің аға жолдасым мен досымның беделін құрметтеу," - деді турнирдің күміс жүлдегері Қайсар Алпысбай.   

Шанхайдағы Премьер-Лиганың финалында Софья Берульцеваның дебюті сәтті болды. Есепті қытайлық спортшы ашқанымен, Софья көп ұзамай оған қарсы жауап берді. Содан кейін алға шыққан Гаоның артынан қуылады, бірақ қарсылас одан екі ұпаймен басып озды. (3:1) Иппон оның пайдасына - 5:3 ұпай алып келді. Қорытынды есеп 7:5 болып, Софья Берульцеваның жеңісімен аяқталды.  

"Премьер-Лиганың басты сериясына алғаш рет қатысатынымды ескерсек, бұл турнирде бірінші орынды иелену – мен үшін тамаша нәтиже. Бұл тек бастауы ғана деп үміттенемін және алдағы уақытта осындай планканы ұстай аламын", - деді Софья Берульцева.    

Қытайда өткен Турнир Қазақстан командасы үшін тағы бір қуаныш әкелді.   

Осы жеңістің арқасында Дархан Асаділов Бүкіләлемдік каратэ федерациясы (WKF) спорттық маусым бойы премьер-лиганың басты сериясының үш кезеңінде алтын медаль жеңіп алған спортшыларға берілетін Grand Winner ("үздік спортшы") атағына үміткер мәртебесіне ие болды. Осы жылы алғашқы екеуін Дубайда (БАӘ) және Рабатта (Марокко) өткен турнирлерде Дархан олжалады.  

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы