Шанхайда Қытай халықаралық импорт көрмесі ашылды
Бүгін Шанхайда V Қытай халықаралық импорт көрмесінің (CIIE) салтанатты ашылу рәсімі өтті. Бұл туралы Baq.kz тілшісі хабарлайды.
Көрме 5-10 қараша аралығында өтеді.
ЭКСПО-ға биыл әлемнің 145 елі мен өңірінен компаниялар мен ұйымдар қатысады. Оған алғаш рет Никарагуа, Джибути, Мавритания, Комор аралдары, Мозамбик, Конго Демократиялық Республикасы, Ирак және Исландия қатысып жатыр.
Сонымен қатар еліміздің бірқатар компаниясы да халықаралық импорт көрмесіне қатысып жатыр. Олар ауылшаруашылылығы және т.б. өнімдерді ұсынады.
CIIE-де өз өнімдерін әлемдегі ең ірі 500 компанияның қатарына кіретін 284 ұйым таныстырады. Олардың 90%-ы алдыңғы жылдары өткен көрмеге қатысқан.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Аддис-Абеба университетінің студенттері Қазақстандағы заманауи реформаларды зерттеуге мүдделі
Келесі жаңалық
Қазақстан күрес федерациясына жаңа президент сайланды
Өзгелердің жаңалығы