Шаңғы жарысынан әлем чемпионаты: Қазақстан ерлер құрамасының нәтижелері

Тронхеймде (Норвегия) шаңғы жарысынан әлем чемпионаты аяқталуға жақын. Әлемдік біріншілік аясында ерлер арасында 4х7,5 шақырымдық эстафета өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Біздің еліміздің намысын Ернар Нұрысбеков, Владислав Ковалев, Виталий Пухкало және Олжас Климин қорғады. Жарыс қорытындысы бойынша командамыз 27 құраманың ішінде 16-орынға ие болды. Бірінші орынды Норвегия иеленсе, Швейцария екінші, Швеция үшінші орынға тұрақтады.

7 наурызда әйелдер арасында эстафеталық жарыс өтеді. Басталуы – Астана уақытымен 17:15.

 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: olympic.kz
Өзгелердің жаңалығы