Шаңғы тебуден үздік әскерилер анықталды

Бүгін елордада әскерилер арасында XIII спартакиада шеңберінде шаңғы тебуден чемпионат өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

XIII спартакиада шеңберінде шаңғы тебуден чемпионат бүгін сағат 13.00-де Астана қаласының орталық саябағында өтті.

Сайыстың ашылу салтанатында қатысушылар еліміздің Әнұранын шырқады.

Оған Қорғаныс министрлігі, Бас штаб және Қарулы күштер Орталық аппаратының құрылымдық бөлімшелері қатысып, өзара бақ сынасты. 

Жарысты Қорғаныс министрлігінің Орталық спорт клубы ұйымдастырды. 

Турнирдің ашылу салтанатына Қарулы Күштердің басшылығы қатысып, сайысқа қатысушыларға сәттілік тіледі. 

Турнирге 100-ден астам ер адам және 40-қа жуық әйел қатысты. Барлығы 39 команда. 

Турнир жеңімпаздары мен жүлдегерлері командалық және жеке есепте анықталды. 

Чемпионат үздіктері кубокпен, медальмен және алғыс хаттармен марапатталды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Артём Чурсинов
Келесі жаңалық
Үш өңірде үсік жүреді
Өзгелердің жаңалығы