Шәмші Қалдаяқовқа «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы «Ш. Қалдаяқовқа жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын беру туралы» Жарлыққа қол қойды.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақ халқының музыка өнерін дамытудағы айрықша еңбегі үшін композитор Шәмші Қалдаяқовқа жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен «Отан» ордені тапсырылсын (марқұм), - делінген хабарламада.

Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы