Шамалған бекеті айналма жолының құрылысы қарқын алды

Мердігер ұйым Шамалған бекетінің айналма жолы нысанында құрылыс-монтаждау жұмыстарын қарқынды жүргізіліп жатыр,  деп хабарлады BAQ.KZ.

 Бүгінде теміржолдар мен жергілікті автожолдардың үстінен өтетін көпірлердің құрылысы жалғасуда. Құрылыс жұмыстарына 55 бірлік арнайы техника мен 250-ге жуық адам жұмылдырылды. Жер төсемі жұмыстары 80% - ға аяқталып, 140 дана арқалық құралымдық бөлшектер орнатылды (барлығы 174 дана).

Жобада 3 жол өтпесі (көпірлер) мен 20 су өткізу құбырының құрылысы қарастырылған. Бүгінгі таңда көпірлердің құрылысы 79% - ға, ал су өткізу құбырлары 85% - ға аяқталды. Темірбетон бұйымдары мен инертті материалдарды дайындау жұмыстары жалғасып жатыр.

Бұдан басқа  «ҚазАвтоЖол»  ҰК» АҚ Алматы облысының әкімдігімен бірлесіп құрылысқа қажет жер учаскелерін қолданысқа алу бойынша жұмыстарды жалғастыруда.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы