Шалғайдағы соттарда жұмыс істеген судьялар қандай басымдыққа ие болады?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Сенат отырысында Конституциялық «Конституциялық заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» заңының жобасын депутат Қанатбек Сафинов таныстырды.
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Сот және құқық қорғау жүйелерін реформалау жөнінде комиссия әзірлеген сот жүйесін жетілдіру жөніндегі тәсілдерді іске асыру мақсатында Парламент депутаттары «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Конституциялық заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Конституциялық заң жобасына бастамашылық жасаған.
Ол атағандай, заң жобасының негізгі міндеттері судьялар корпусын қалыптастыру тетігін жетілдіру, заңның үстемдігін және сот жүйесінің тәуелсіздігін белгілеу бойынша жүргізіліп жатқан сот реформасының басым бағыттарын қамтамасыз ету.Мемлекет басшысы Судьялардың республикалық VIII Съезінде сот жүйесінің тиімділігі адам құқықтары мен заңның үстемдігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ сот жүйесінің тәуелсіздігі қағидатын сақтауға және оны одан әрі реформалаудың басым бағыттарына байланысты екенін атап өтті, - деді Сафинов.
Сафинов бірінші блок бойынша неғұрлым күрделі салаларда маманданған судьялыққа кандидаттар мамандандырылған біліктілік емтиханын тапсыруды қамтитын жеке конкурстан өтетінін айтты.Меніңше, заң жобасындағы түзетулерді екі блокқа бөліп қарастыруға болады. Бірінші - судьялар корпусының кәсібилігін арттыру және сот жүйесіне құқықтың тар салаларының мамандарын тарту. Екінші - судьялардың жауапкершілігі мен тәуелсіздігін арттыру және сот жүйесін қаржыландырудың жаңа моделін белгілеу, - деді ол.
Сот төрелігінің сапасы жөніндегі Комиссия Жоғары Сот Кеңесімен алдын ала келісілгеннен кейін Жоғарғы Соттың жалпы отырысы бекітетін тиісті әдістеме негізінде судьялардың кәсіби қызметіне бағалау жүргізетін болады. Аудандық соттарда тең дәрежелі лауазымдарға кандидаттарды іріктеу кезінде шалғайдағы немесе құрамы аз соттарда кемінде бес жыл жұмыс істеген судьялар басымдыққа ие болады, - деді Қанатбек Сафинов.