Шалғай ауылдардағы интернет SpaceX, OneWeb спутниктік жүйелерімен қамтылу керек - Тоқаев

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ауылдық жерлерді интернет желісімен қамтамасыз ету үшін Цифрлық даму министрлігіне тапсырма берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Біз қазақстандық нарыққа Microsoft Azure, Amazon Web Services, Google Cloud және т.б. сияқты ірі бұлттық есептеуіш ойыншыларды белсенді түрде тартудамыз. Халқының 40 пайызға жуығы ауылдық жерде тұратын біздің еліміз үшін барлық азаматтарды қолжетімді және сапалы интернетпен қамтамасыз ету өзекті мәселе. Цифрлық даму министрлігі ең шалғай ауылдарды SpaceX және OneWeb төмен орбиталық спутниктік жүйелердің желілерімен қамту жұмыстарын күшейтуі керек, - дейді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сондай-ақ  Президент жаһандық мегатренд қазірдің өзінде жаһандық экономиканың дамуының басты факторы ретінде цифрлық трансформацияның шешуші рөлін айқындап отырғанын атап өтті. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы