Шалабекова етін жеуге тыйым салынатын үй жануарларын атады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің вице-министрі Әлия Шалабекова Президент жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты.
Қазір бізде осы тізімнің жобасы бар. Оған дәстүрлі үй жануарлары кіреді. Мысалы, ит, мысық, атжалман, тотықұс, ақ тышқандар. Бұл жануарлардың классикалық түрлеріне енгізіледі, - деді Шалабекова.
Ол әрбір жануардың иесі өз итінің етін үйінде отырып жей беру мүмкіндігіне қатысты пікірін де білдірді.
Егер азамат приюттардан итті асырап алса, ол жануардың денсаулығы қадағалауда болады. Ал сатып алған, сыйлық ретінде берілген жануарларға қатысты айтатын болсақ, бұл жерде көршілердің ықпалы болуы керек. Егер көршісінің үйінде жүрген ит жоғалып кетсе, оны иесі іздемесе, дабыл қағуы керек. Мұндай жағдай болса, қылмыстық жауапкершілік қарастырылған, - деді ол.