Шәкірті 42 елден шақырту алған ұстазға көлік мінгізді
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды география пәнінің мұғалімі Арғын Бастамиге көлік сыйлады. Жергілікті ұстаздың шәкірті Ислам Әбдірахманов 42 елден шақырту алған, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Өңір басшысы республикалық, облыстық олимпиада және спорт жарыстарының жеңімпаздарын дайындаған 30 мұғалімге өз атынан марапат ұсынып, арнайы сыйлықтар табыстады. Оның ішінде 10 ұстаз “Ы.Алтынсарин” төсбелгісі мен 20 педагог “Құрмет грамотасын” алып, 200 мың теңге көлемінде ақшалай сыйақымен ынталандырылды.
Сондай-ақ, көпті таңқалдырған кештің кульминация тосынсыймен жалғасты.
Дархан Амангелдіұлы шәкірті 42 елден шақырту алған “Түркістан Білім-инновация” лицейінің география пәнінің мұғалімі Арғын Бастами облыс атын елімізден бөлек, әлемге танытқан ерен еңбегі үшін көлік кілтін табыстады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Бернде Қазақстан дамуының басымдықтары талқыланды
Келесі жаңалық
«Барыс» «Авангард». Елордалық команданың құрамы жарияланды
Өзгелердің жаңалығы