"Шәкіртақы мен іссапар ақшасын қалтаға басқан": Колледж есепшісі сотталды

Маңғыстауда колледж есепшісі бюджет қаражатын жымқырғаны үшін бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Облыс прокуратурасы Маңғыстау техникалық колледжінің қызметінде тексеріс жүргізді.

Тексеріс нәтижесімен бас бухгалтермен 243 млн теңге көлемінде іссапар, шәкіртақы және салық міндеттемелері үшін көзделген қаражатты өзінің жеке шотына заңсыз аудару арқылы бюджет қаражатын жымқыру фактісі анықталды. Бұл факті бойынша ҚК-нің 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағымен қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп тексеру арнайы прокурорлармен жүргізілді, - деп жазылған хабарламада.

Маңғыстау аудандық сотының үкімімен колледждің бас есепшісі ҚК-нің 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағымен 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сонымен қатар 10 жыл мерзімге бухгалтерлік қызметпен айналасу құқығынан айырылды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы