Шәкеннің мерейтойы ЮНЕСКО дәрежесінде аталып өту керек – Тәуекел Сламбек

Бұл туралы Павлодар облысында қазақтың әйгілі әртісі, режиссері Шәкен Аймановтың 110 жылдығына арналған халықаралық конференция барысында ҚР еңбек сіңірген қайраткері, кинорежиссер Сламбек Тәуекел айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ агенттігінің тілшісі.

Шара барысында кинорежиссер қазақтың маңдайына біткен біртуар тұлғаның мерейтойы ел деңгейінде аталып өтпегеніне реніш білдірді.

"Өлді деуге бола ма, айтыңдаршы. Өлмейтұғын артынан сөз қалдырған" деген сөз бар. Мен үшін Шәкен Айманов ешқашан өлмейді, мәңгіліктің адамына айналды. Шәкен ағаның бұл мерейтойын ЮНЕСКО дәрежесінде өткізугі болады. Өйткені, Шәкен ағаның тұлғалық қасиетін басқа адаммен салыстыру қиын. Одан ұлы адамдар бар, одан да танымал адамдар баршылық. Ағамыз жасап кеткен жұмыстарын бір адам істеген жоқ. Мен Шәкен Кенжетайұлының тағылымын, тәрибиесін, сөздерін, ақылын, өсиеттерін естідім. Ол мен үшін асыл адам, - дейді Сламбек Тәуекел.

Айта кетейік, бүгін Ертіс өңірінің жұртшылығы қазақтың арда ұлы, дара тұлғаның мерейтойына арналған «Шәкен Айманов және Қазақстанның қазіргі мәдениетіндегі киноматографтың рөлі» конференциясы өтті. Шара барысында Шәкен ағаның өнегелі өміріне арналған «Сұңғыла» атты кітаптың тұсауы кесілді. Бұл еңбекте тұлғаның замандастары, шәкірттері мен әріптестерінің естеліктері жинақталған. Конференцияға Шәкен Аймановты көзі көрген азаматтар арнайы қатысты.

Ш. Аймановтың «Алдаркөсе», «Атамекен», «Тақиялы пе­ріште, «Біздің сүйікті дәрігер», «Атаманның ақыры» туындылары қазақ киносының алтын қорында.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы