Шәкәрім университетінің ұжымы министрдің шешіміне қарсы

Семей қаласының Шәкәрім атындағы университетінің ұжымы Ғылым және жоғары білім министрінің бұйрығымен келіспейді, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.

Жоғары оқу орынның түлектері мен оқытушылық құрамы Президентке үндеу жасады.

Олардың мәлімдеуінше, 2021 жылы қызметке келген Бауыржан Ердембеков осы уақытқа дейін жұмысын жақсы атқарған білікті маман. Ректордың арқасында студенттерге арнайы “үздік 100 студент” гранты бөлініп, жатақханалар үлкен жөндеу жұмысынан өткен. Сондықтан ұжым Жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Ердембековті жұмыстан негізсіз шығарып жатыр есептейді.

Бауыржан Ердембеков өзі де Шәкәрім университетінің түлегі. Студенттердің айтуынша, ол басқарған аздаған уақытта жастар саясаты дамып, университет гүлдене түскен.

Осы кезге дейін университетте 60-тан астам мамандандырылған аудиториялар мен дәрісханалар, атаулы ғылыми кітапханалар, 30 ынтымақтастық туралы меморандумға қол жеткізілген.

Сонымен қатар ата-ана қамқорлығынсыз қалған, білімде, өнер мен спортта жетістігі бар мектеп түлектеріне "Шәкәрім гранты" тағайындалған. Оқу ақысына 50 пайыз, 100 пайыз жеңілдіктер бар.

Шәкәрім университетінің ректоры Бауыржан Ердембековті жұмыстан шығару жайлы бұйрық келді. Оқу орны ұжымы ведомство басшысынан не үшін, неге, не себепті сынды сұрақтарға жауап ала алмады. 12 сағат бойы ұжым ешқайда кетпеді, қанағаттандырарлық жауап алмады. Жаңа Қазақстанда әділеттілікті талап етеміз!, - деді университет ұжымы.

Университет Проректоры Индира Оралқанова студенттер мен ұжымның қатысуымен арнайы баспасөз мәслихатының ұйымдастырылатынын айтты.

Расымен Ғылым және жоғары білім министрінің бұйрығымен 2023 жылдың 11 мамырынан Шәкәрім университетінің ректоры Бауыржан Ердембеков лауазымынан босатылды. Бұл шешім Жалғыз акционердің шешімі негізінде келісімшарт бұзылды деген жауап келді. Университет тарапынан ұжым мен студенттердің мәлімдемелері ескерусіз қалмайды, – деді Индира Оралқанова.

Бұған министрлік өкілі толыққанды жауап бермеді. Жалғыз акционердің шешімі екенін ғана алға тартты.

Семей педагогикалық институты - еліміздің ең көне білім ордаларының бірі. Іргетасы 1934 жылы құрылған. 1995 жылы оқу орнына қазақтың ойшыл-ақыны Шәкәрім Құдайбердіұлының аты берілген. Биыл университет ақынның туғанына 165 жыл толуын кең көлемде атап өтуді жоспарлап отыр. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: видеодан скриншот
Өзгелердің жаңалығы