Шахтинскте қазақ мектептері аз

Қарағанды облысының Шахтинск қаласында қазақ мектептерінің жетіспеушілігі байқалады. Өңірдегі 12 мектептің 8-і орыс мектебі. Қазақ тілінде білім алатын оқушылардың саны отыз пайызға да жетпейді, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.

Шахтинск Қарағандыдан оңтүстік-батысқа қарай 40 шақырым қашықтықта орналасқан қала. Қаланың әкімшілік құрылымына Шахтинсктен басқа Новодолинка және Долинка елдімекендері кіреді. Ресми мәліметтер бойынша аймақта 57 мыңнан астам халық тұрады. 

Көмірлі өлке Шахтинск шаһарында қазақ мектептерінің жетіспеушілі жыл сайын сезіліп келеді. Қала әкімі Мұрат Қыдырғанбеков Қарағанды облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте қазақ мектептерінің жетіспеушілігі мәселесі кезең-кезеңмен шешілетіндігін айтты.

Шахтинск өңірі бойынша 12 мектеп бар. Оның үшеуі толық қазақ мектебі, біреуі орыс және қазақ тілді аралас мектеп. Сондай-ақ, тағы бір мектепте қазақ тілді 1 және 2-ші бастауыш сыныптарын аштық. Бұл мәселені біз кезең-кезеңмен шешіп келеміз, - дейді Мұрат Қыдырғанбеков.

Қала әкімінің айтуынша, бүгінде Шахтинск қаласының мектептерінде 7900 оқушы болса, оның 2100-і қазақ тілінде білім алады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: BAQ.KZ -архив
Өзгелердің жаңалығы