Шахтинскілік кәсіпкер 300 отбасының балаларын мектепке дайындады

Қарағанды облысының әкімдігі: Шахтинск қаласының кәсіпкері 300 отбасының балаларын мектепке дайындауға көмектесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

"Мектепке жол" республикалық акциясын Шахтинск қаласының кәсіпкері қолдады. Іскер әйелдің арқасында 300 әлеуметтік осал отбасының балалары жаңа киім, рюкзактар мен сөмкелер алды.

Шахтинск жастар ресурстық орталығында мәлімдегендей, кәсіпкер әйел қайырымдылыққа 120 қорап зат берген. Олардың барлығы жаңа, жапсырмалары бар. Жергілікті білім бөлімінде берілген тізім бойынша ол заттар көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға, жалғызбасты аналарға берілді.

Біздің қайырымдылық акцияларымызға "Қамқор 2007" ҚБ белсенді қатысуда. Заттарды тапсырған кәсіпкер осы қоғаммен тұрақты негізде ынтымақтасады. Ол оның атын атағанымызды қаламайды. Көптеген заттар бар, соның ішінде юбка, шалбар, мектепке арналған блузкалар, іш киім. Біз оларды 300 отбасының балаларына бердік, ал тағы 300 отбасы ересектерге арналған киім алды. Бұл көптеген адамдардың отбасылық бюджетіне үлкен көмек. Олар үнемделген ақшаны кеңсе тауарларына жұмсай алады. Осындай әлеуметтік жауапты кәсіпкерлер көбейгенін қалаймын, – дейді Шахтинск қаласының Жастар ресурстық орталығының басшысы Алексей Варзаев.

"Мектепке жол" акциясы жалғасады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Қарағанды облысының әкімдігі
Өзгелердің жаңалығы