Шахтинскіде топтасып ұрлыққа түскендер ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шахтинскіде топтасып ұрлыққа түскендер ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Маусымның 29-ынан 30-ына қараған түні Қарағанды облысы Шахтинск қаласының полиция бөлімінің қызметкерлері рейдтік профилактикалық іс-шара өткізді. Сағат 01:00 шамасында полиция қызметкерлері жұмыс істемейтін жанармай бекетінің ғимаратында ұрлыққа түскен бірнеше адамды байқап қалды.
Бұл жерде полиция қызметкерлері 23 пен 27 жас аралығындағы төрт ер адамды ұстады. Топтасып ұрлыққа түскендер түрлі металл жабдықтарын, металл сынықтарын қабылдайтын жерге өткізбек болғаны белгілі болды.
ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар полиция жанармай құю бекеті ғимаратының иесін, сондай-ақ шығын мөлшерін анықтауда.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Павлодарда жол ережесін бұзуды тіркейтін автокөлік жұмыс жасауда
Өзгелердің жаңалығы