Шахтинскіде мотоциклге жанармай құймақ болған жасөспірім тірідей жанып кетті
Қарағанды облысында бір бала көз жұмды, екеуі ауруханада.
Қарағанды облысының Шахтинск қаласында мотоциклге жанармай құймақ болған жасөспірім тірідей жанып кетті. Тағы екі бала дене күйіктерімен ауруханаға жеткізілген.
Төтенше жағдай 19 мамырда Жастар (Молодежная) көшесіндегі гараждардың бірінде болған.
2026 жылғы 19 мамырда сағат 20:27-де Қарағанды облысы Шахтинск қаласының Жастар (Молодежная) көшесіндегі гараждардың бірінде өрт шықты. Гараж ішіндегі шатырдың ағаш қаптамасы, қолданыста болған ескі заттар және екі мотоциклдің жанатын бөліктері өртеніп кеткен. Жалынның жалпы аумағы 20 шаршы метрді құрады. Өртті сөндіру барысында оқиға орнынан 2008 жылы туған баланың күйік шалған мәйіті табылды. Сондай-ақ, денесін күйік деңгейі шарпыған 2008 және 2009 жылғы екі жасөспірім жедел жәрдем бригадасымен ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлады Қарағанды облысының ТЖД баспасөз қызметі.
Аталған дерек бойынша облыстық Төтенше жағдайлар департаменті қылмыстық істі тіркеді.
Еске салаййық, бұған дейін Шымкентте жасөспірімге пышақ сұғып, уақытша ұстау изоляторына қамалған 23 жастағы бойжеткен қайтыс болды.
Тағы оқи отырыңыздар:
Қарағандыда 17 жастағы жасөспірім қағып кеткен 8 жасар қыз көз жұмды
Жамбыл облысында алтын кенішіне заңсыз кірген 20 адам 15 тәулікке қамалды
Шымкентте балаларын үтікпен күйдіріп, мұздай суға тұншықтырған ана сотталды