Шахтинск тұрғыны алимент төлемегені үшін қамауға алынды

Шахтинск қаласы прокурорының қаулысының негізінде сот қаскөй борышкерді алимент төлемегені үшін әкімшілік қамауға алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Прокурорлар кәмелетке толмаған баланың әкесі тұрақты табысы болуына қарамастан ұзақ уақыт бойы алимент төлеуден жалтарғанын анықтады. 

Қазір оның қарызы 5 миллион теңгеден асады. Сот орындаушысы борышкерді хабардар ету, шоттары мен мүлкіне тыйым салу, сондай-ақ өз міндеттемелерін орындамағаны үшін жауапкершілікті түсіндіру бойынша барлық қажетті шараларды қабылдаған. Сот актісі орындалды, борышкер қамауға алудың белгіленген мерзімін өтеп жатыр, - делінген Қарағанды облысының прокуратурасы таратқан хабарламада.

Борышкерлерді жауапкершілікке тарту жұмыстары жалғасуда.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Арман Мухатов - архив
Өзгелердің жаңалығы