6 Тамыз 2023 2023, 20:41
«Шахтинск» шахтасындағы төтенше жағдайға қатысты қылмыстық іс қозғалды
Қарағанды облысындағы «АрселорМиттал Теміртау» компаниясында болған төтенше жағдай фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қарағанды облысындағы «АрселорМиттал Теміртау» компаниясында болған төтенше жағдай фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 277-бабының 1-бөлігі «Тау-кен жұмыстарын немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу басталды, - деп хабарлады Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Еске сала кетсек, «Шахтинская» шахтасында ұңғыманың үстіңгі жағын үңгіп қазу барысында үйінді құлап, проходчикті жарақаттаған.