Шахтадағы жарылыс: Жеңіс Қасымбек қаза тапқандардың отбасына көңіл айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысы әкімі Жеңіс Қасымбек шахтада қаза тапқандардың отбасына көңіл айтты.
Бүгін сағат 08.30-да Абай шахтасында көмір мен газ жарылысы орын алды.
Бұл кезде жер астында 64 адам болған. Қазір 52 адам жер бетіне шығарылды, - деді облыс әкімі.
Оның айтуынша, алдын ала ақпарат бойынша 6 адам қаза тапты. 2 адамның жағдайы ауыр.
Қазіргі уақытта ВАСС Көмір күштері құтқару жұмыстарын жалғастыруда.
Қаза болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтамын. Қаза тапқандардың отбасыларына қажетті жәрдем көрсетіледі, - деді Жеңіс Қасымбек.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қарағанды облысындағы шахтада алты адам қаза тапты
Келесі жаңалық
Астанада қар тазалауға 900-ден астам техника шықты
Өзгелердің жаңалығы