Шахтадағы апат: Жарылыста қылмыстық күдікті жоқ
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мәжілістің кулуарында Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Абай шахтасындағы апат бойынша күдіктілер жоғын айтты.
Қазіргі күні Қарағанды облысында орналасқан Абай шахтасындағы апат бойынша қылмыстық іс қозғалды. Үкіметтік комиссия құрылды. Орынбасарым осы топтың құрамында бар. Тергеу жұмыстарын жүргіземіз, - деді министр.
Сондай Ерлан Тұрғымбаев журналистердің «шахтадағы апат бойынша күдіктілер бар ма?» деген сұрағына жауап берді.
Әлі қираған жерлер тазартылып жатыр. Қазіргі күні жарылыстың алдын алу себебі – метанның жарылысы. Азаматтарымыздың өліміне әкеп соққан апаттың себеп-салдары бойынша тергеу-тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Талдау қорытындысы бойынша шешім шығарылады. Күдіктілер тобы әзірге жоқ, – деп толықтырды министр кулуарда.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
«Наз» мемлекеттік би театрына - 25 жыл
Өзгелердің жаңалығы