Шахтадағы апат. Үкіметтік комиссия құрылды

Қарағанды шахтасында зардап шеккендердің отбасыларына барлық қажетті көмек көрсетіледі. Бұл туралы Қарағанды облысының басшысы Жеңіс Қасымбек әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бүгін түнгі сағат 3-те «Арселор Миттал Теміртау» АҚ КД Ленин атындағы шахтасында газдренаждық ұңғымаларды бұрғылау кезінде газ таралып кеткен.

Осының салдарынан шахтаның 5 қызметкері қаза тауып, 4 адам Шахтинск және Х.Мақажанов атындағы ауруханаға жатқызылды. Қазіргі уақытта Үкіметтік комиссия құрылды.  Қаза тапқан кеншілердің туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамын. Олардың отбасыларына, сондай-ақ зардап шеккендердің отбасыларына барлық қажетті көмек көрсетіледі, - деп жазды өңір басшысы.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Турар Казангапов
Өзгелердің жаңалығы