Шахтадағы апат: Қаза тапқандар саны артып жатыр

"АрселорМиттал Теміртау" АҚ жариялаған мәлімет бойынша, Костенко шахтасындағы апат салдарынан қаза тапқандар саны 21 адамға жетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Шахтада 23 шахтер қалып отыр. 21 шахтердің денесі табылды. Іздеу-құтқару жұмыстары жалғасуда. Штаб жұмыс істеп жатыр, - "АрселорМиттал Теміртау" АҚ

Айта кетейік, Қарағанды ​​облысындағы Костенко атындағы шахтада 28 қазан күні сағат 02:33-те жарылыс болды. Алдын ала болжам бойынша, лавада газ метан жарылған.

Тоқаев Үкіметке "АрселорМитталТеміртау" компаниясымен инвестициялық ынтымақтастықты тоқтатуды тапсырды. Сондай-ақ Бас прокуратура қылмыстық іс қозғады.

Костенко шахтасындағы апаттың себептерін тергеу жөніндегі Үкіметтік комиссия құрылып, "АрселорМиттал" АҚ мемлекет меншігіне өтетіні белгілі болды. 

Денсаулық сақтау министрлігінің дәрігерлер тобы зардап шеккен кеншілерге медициналық көмек көрсету үшін Қарағандыға жіберілді.

 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы