Шахтадағы апат. Қаза тапқан үш кеншінің аты-жөні жарияланды

АрселорМиттал Теміртау "Қазақстан" шахтасында көз жұмған үш кеншінің аты-жөнін жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Стешин Денис Геннадьевич, 1978 жылғы, 4 разрядты жерасты үңгушісі, еңбек өтілі 21 жыл;

Бургун Виктор Сергеевич, 1966 жылғы, 5 разрядты жерасты электршебері, еңбек өтілі 39 жыл;

Слюньков Виталий Владимирович, 1965 жылғы, жерасты электршебері, еңбек өтілі 39 жыл.

Тағы екі шахтерді іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр. Қазіргі сәтте тау қазбасында іздеу бойынша қосымша жоспар жасалуда, - деді компанияның баспасөз қызметіндегілер.

Еске салсақ, 17 тамыз сағат 10.05-те "Қазақстан" шахтасында конвейер лентасы өртенді. ТЖ кезінде жер астында 227 болған, 222 кенші құтқарылды. Үш адамның денесі табылды, тағы екеуі іздестіріліп жатыр.

Қылмыстық кодекстің 277-бабы 3-тармағы "Тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу" бойынша қылмыстық іс тіркелді.

Премьер-министр Әлихан Смайылов 19 тамызда апат болған шахтаға барды. Үкімет басшысы қаза болған кеншілердің отбасына мемлекет пен жұмыс беруші тарапынан қажетті көмек көрсетілетінін мәлімдеді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Қарағанды облысы әкімдігінен
Өзгелердің жаңалығы