Шахтадағы апат. 6 кеншінің жеке басы анықталмады – министр
Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов “Костенко” шахтасының қазіргі ахуалы туралы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов “Костенко” шахтасының қазіргі ахуалы туралы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Қазігі таңда қайтыс болған 40 адамның жеке басы анықталды, 6-уы анықталмады. Оларды сәйкестендіру үшін қажетті тиісті сараптамалар жүргізіледі. ДНК талдауы қажет болуы мүмкін. Іздеу жұмыстары электр энергиясының болмауымен, тау-кен қазбаларының ұзындығымен, көптеген бұзылған механизнің болуымен қиындады, – деді Шәріпханов.
Сөзінше, үйінділерді тазалау мен қаза болғандардың денелерін табу қиынға соққан.
Қазіргі уақытта ашық жану ошақтары жоқ, газдық жағдай қалыпты. Шахтаның қызметін қалпына келтіру үшін тау-кен қазбаларын зерттеу және жекелеген учаскелерде су сору жұмыстары жүргізілуде. Аварияның себептерін тергеп-тексеру аясында Үкіметтік комиссия мүшелерімен бірге шахтаға түстім. Біз өте маңызды бұзылуларды анықтадық. Тау-кен қазбаларында шахта жабдықтары жылжып кеткен.
15-тен астам оқшаулағыш бөгеттер мен желдету құрлыстары қираған. Қазіргі уақытта тағы 7 шағын комиссия құрылып, жұмыс істеп жатыр, – деді Төтенше жағдайлар министрі.