Шахтада 4 жұмысшы зиянды у-дан уланып қалды
Ақтөбе облысы Хромтау ауданында төтенше жағдай болып, төрт жұмысшы зардап шекті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің өкілі Іңкәр Қарашаеваның айтуынша, оқиға бүгін Дөң тау-кен байыту комбинатында болған.-Кәсіпорында бұрғылау жұмыстары кезінде ауаның қысқа мерзімді тұтануы орын алды. Оқиға салдарынан төрт жұмысшы аудандық ауруханаға жеткізілді. Екі зардап шегуші травматология бөліміне жатқызылды, біреуі үйіне жіберілді, біреуінің жағдайы ауыр, реанимацияда жатыр,-дейді ол.
Зардап шеккендерге барлық қажетті медициналық көмек көрсетілген. Олардың барлығы - ер адамдар.
Қазір кәсіпорында болған жағдайға қатысты тергеу-тексеру жұмыстары жүріп жатыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Бұрынғы депутат өмір бойына бас бостандығынан айырылды
Келесі жаңалық
Рим Папасы Францисктің денсаулығы күрт нашарлады
Өзгелердің жаңалығы